Ми имплантаты зағип жандарға сәл де болса көру қабілетін қайтарады (видео)
Ми имплантаты зағип жандарға сәл де болса көру қабілетін қайтарады (видео)
5 жыл бұрын 2810 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Зағип пациенттің бас  сүйегінің астына қойылатын құрылғы сәл де болса төңірегін визуалды қабылдауына мүмкін бермек. Мәселен, 23 жастағы көлік апатына ұшырап, әлемдегі 39 млн зағиптың қатарын толықтырған Джейсон Эстерхёйзеннің (Jason Esterhuizen) бағы бар екен. Бұл арада Second Sight Medical Products компаниясы құрастырған, қара көзілдірікке бекітілетін, миға кіріктірілетін "Орион" (Orion) құрылғысы турасында сөз болып отыр. Камера таспасына тартылған ақпарат сымсыз байланыс арқылы имплантатқа беріледі. Аталмыш құрылғы мидың көру қабатына кіріктірілген 60 электродты қамтиды. Бұл құрылғы көзіне зақым келіп, көру қабілетінен айырылғандарға ғана жарап қоймай, сонымен қатар, көру жүйкесі істен шыққандарға да көмекке келе алады. Бұл арада көру қабілетін толық қалпына келтіру турасында сөз болып отырған жоқ. Бұл арада ішінара көруге мүмкіндік беретін, төңіректе не болып жатқанынан хабар беретін құрылғы турасында сөз болып отырғанын естен шығармайық. Әлбетте, камераның аты камера, адамның табиғи көзін алмастыра алмайды. Ондаған электродты имплантант адамның жүйке жүйесінде көру арқылы алынатын ақпаратты толық жеткізе алмайды. Сөйтсе де біршама көру қабілетін қайтара алады. «Мен қарауытқан төңіректен үш ақ нүктені көріп тұрмын. Түнде жұлдыздарды көргендеймін»,- деп құрылғыны алғашында қолданған, жеті жыл қараңғылық қапаста өмір сүрген Джейсон Эстерхёйзен әсерін осылай жеткізген болатын.

0 пікір
Мұрағат