Қытай билігі исламды қаралауға тыйым салды
Қытай билігі исламды қаралауға тыйым салды
7 жыл бұрын 4558

Қытай билігі әлеуметтік желідегі исламға қарсы жазбаларға қатысты күтпеген шешім қабылдады. Яғни, бұдан былай исламофобиялық материалдарды іздегендер қажетті ақпаратты таба алмайтын болады. «Исламофобиялық терминдер қытай әлеуметтік желісінде билік тарапынан бұғатталып тасталды»,- деп айтылған мемлекет қаржыландыратын ақпарат көзінде. «Ойдан шығарылған терминдер» туралы айтылғанда қытай билігі «жасыл дін» және «бейбіт дін» сөз тіркестерін қаперге алып отыр. Яғни, бұл терминдерді исламофобтар жазадан жалтару үшін ғаламторда қолданады. Ендігі жерде Weibo-дані іздегендер бұл сөз тіркестерін таба алмайды. Бұл жайында NDTV ақпарат көзі хабар таратты. Қытай билігінің мұндай қадамға баруына қолына плакат ұстаған мұсылман ер адамның ақылы жолға қатысты наразылығы бейнеленген видеоның ғаламторда шу шығарып, мұсылмандарды жаппай қаралау етек алғаны түрткі болған. 

0 пікір
Мұрағат