Қытай балалар арасындағы семіздік бойынша бірінші орынға шықты
Қытай балалар арасындағы семіздік бойынша бірінші орынға шықты
7 жыл бұрын 4275 Назерке Мұса

Қытай семіздікке шалдыққан балалар санымен әлемдегі барлық елдерді басып озып отыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасап. Қытайда семіздікке шалдыққан барлығы 15 миллион бала тұрады екен. Мұндай қорытындыларды Вашингтон университеті зерттеушілері ұсынған. Екінші орында 14 миллион артық салмақты балалары бар Үндістан тұр. Соңғы уақыттарда ҚХР, Бразилия мен Индонезияда артық салмақты жеткіншектер мен балалар саны күрт өскен. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, әлемде барлығы 107 миллионнан аса бала артық салмақтылыққа шалдыққан, ал ересектер 603 миллионды құраған. Бір қызығы 2015 жылы бұл рейтингті ересектер арасындағы артық салмақтылық бойынша АҚШ бастап тұрған. Қытайдың денсаулық сақтау ұйымдары мұндай көрсеткішті балалардың ата-әжелерінің оларды еркелету себебінен деп есептейді.  

0 пікір
Мұрағат