Еуроодақ капиталы өзге аймақтарға көше бастады
Еуроодақ капиталы өзге аймақтарға көше бастады
7 жыл бұрын 2231 egemen.kz

Еуропа аймағында 12 ай ішінде  қаражат күрт кете бастағанын ЕОБ растап отыр. Биыл  еуроаймақтың қаржы нарықтарынан валюта блогының тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен көлемде ақша «көшіп» кеткен. Бұл 14 жылда алғаш рет доллар мен еуро арасында тепе-теңдікке алып келуі мүмкін, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Еуроаймақтың инвесторлары еуроаймақтан тысқары жерлерден жалпы сомасы  497,5 млрд еуроның акциялары мен облигацияларын сатып алған.  Жаһандық инвесторлар  бір жыл ішінде еуроаймақтағы сомасы 31,3 млрд еуроның активтерін сатып жіберген.

Жалпы алғанда 1999 жылы еуровалюта енгізілгеннен кейінгі уақытта бері кеткен қаражаттың сомасы 528,8 млрд еуроны құрайды. Сейсенбінің кешінде еуроның бағамы 1,0388 деңгейінде болды. Бұл 2003 жылғы қаңтардан бергі ең төмен деңгей. Бірқатар сарапшы келер жылы еуро доллармен теңеседі деп болжам жасап отыр.

0 пікір
Мұрағат