Қылбұрауды қыса түсті
Қылбұрауды қыса түсті
7 жыл бұрын 5144 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі терроризмді желеу етіп, осы елдегі азшылықты құрайтын ұйғыр мұсылмандарына жаппай қысым көрсетуге көшті. Бұрын тек шетелге шыққысы келетін мұсылмандардан биоматериал алынса, яғни, ДНК сараптамасы алынса, ендігі жерде бұл тәжірибе ұйғырлар мекендеген Синьцзян аймағындағы барлық мұсылманға қолданылатын болады. Осы мақсатта Қытайдың қауіпсіздік күштері ДНК сараптама алуға арналған құрылғыны 3 млн долларға сатып алды. Бұл жайында Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілдері мәлім етті. Ал Associated Press ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, мұндай жабдықтарды сатып алуы үшін 8,7 млн доллар қаржы бөлінген. Өткен жылы шетелдік төлқұжатқа тапсырыс берген мұсылмандардың даусы таспаға жазылып, саусақ іздері алынған болатын. Айта кетейік, өткен жылы Қытай билігі мұсылмандарға балаларына мұсылман есімдерін беруге қатаң тыйым салған болатын. Бұған қоса, шариғат талабы бойынша неке қидыру рәсіміне міндетті түрде компартия мүшесі шақыртылуы тиіс. Сол батасын бергенде ғана некелері жарамды болып саналады, яғни, компартия мүшесінің рұқсатынсыз некелері қиылмайды.  

0 пікір
Мұрағат