Қазақстандықтар қанша жылдан кейін онлайн саудаға жаппай ауысады және елімізде қанша интернет дүкен бар?
Қазақстандықтар қанша жылдан кейін онлайн саудаға жаппай ауысады және елімізде қанша интернет дүкен бар?
7 жыл бұрын 5994 naryk.kz

Қазақстандық интернет сауда қауымдастығының президенті Константин Горожанкиннің айтуынша, 5 жылдан кейін қазақ тұтынушыларының бәрі онлайн саудаға бет бұрады. 

Оның айтуынша, 2017 жылдың алғашқы төрт айында АҚШ-та 3,2 мың ірі дүкендер желісі жабылып қалған. Өйткені адамдар ол жерлерге баруды қойған. Қазақстанда мұндай жағдай 45 жылдан кейін болуы мүмкін.

“Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 3 мыңдай интернет дүкен мен сервис бар. Нарық уақыт өте келе өсіп келеді. осылардың ішіндегі ТОП-100 дүкен теңгемен де, доллармен де өз айналымдарын арттырып жатыр”, – дейді қауымдастық президенті.

Оның айтуынша, жыл сайын шамамен 500 онлайн дүкен ашылады. Яғни, күніне 1-2 дүкен. Тек соның ішінде 30 пайызы ғана ары қарай кәсіптерін жүргізіп кетсе, қалған 70 пайызы қайта жабылып қалады.

Горожанкиннің айтуынша, Қазақстанның киім нарығын орыстың Lamoda, Kupivip, WildBerries брендтері жаулап алған. Ал қазақтың Tiketon сайты елдегі билеттердің 85%-ын сатады. Әуе билеттерін сатуда aviatа.kz көшбасшы.

“Тағы бір мысал қазақтың автокөлік шинасы мен дискісін сататын gepard.kz дүкені. Ашылғанына екі жыл болғанына қарамастан, үш-төрт жылдық көрсеткішке жетіп отыр”, – дейді қауымдастық президенті.

Сонымен қатар, маманның айтуынша, Қазақстандағы бұл саланың басты проблемаларының бірі алаяқтар мен мамандардың жоқтығы. Оған себеп – Қазақстан бұл жаңалыққа бейімделіп үйренгенше, нарық одан да тезірек дамып жатыр.

Lamoda.kz бас директоры Никита Окуловтың айтуынша, олардың саудасының 40%-ы Астана мен Алматыға тиесілі.

0 пікір
Мұрағат