Құс тілінде тілдесетін ауыл жайында естідіңіз бе? (фото+видео)
Құс тілінде тілдесетін ауыл жайында естідіңіз бе? (фото+видео)
9 жыл бұрын 6584 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы мына таулы өлкеде өзгеше бір ауыл бар. Бұл өңірдің тұрғындары бір-бірімен «құс тілінде» сөйлеседі.

Аймақ халқы, әсіресе, далалы жазыққа шыққан кезде құстың ысқырығымен әндетеді. Алайда, бұл жай ғана көше стиліндегі ысқырық емес. Бұл тілді жергілікті халық құс тілі ("куш дили") деп атайды.

Куско (Kuskoy) аталып кеткен дәстүр тау халықтары арасында, ауыл шаруашылығымен айналысушылар ортасында кең тараған. "Куш дили" – сөз бен дыбыс үйлесімділігінің әдемі әуенге айналған түрі. Бұл Түркияның тау жоталарында әр төбені мекен қылған байырғы халық арасында телефон секілді байланыс құралдары жоқ дәуірде қарым-қатынас түрі ретінде пайда болған екен. 

2 пікір
Мұрағат