Әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған
Әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған
9 жыл бұрын 3369 ҚазАқпарат

Кемерово облысының 20 жастағы тұрғыны әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған, деп хабарлады РИА «Новости» Орталық әскер округ өкілі Ярослав Рощупкинге сілтеме жасап.

«Кузбастағы Прокопьевскіден әскерге шақырылған жиырма жастағы Сергей Малёванный Отан алдындағы борышын өтеу үшін 46 келі салмақтан арылды. Осылайша ол өзінің әскерге жарамдылық деңгейін «Г» (әскери қызметке уақытша лайық емес) деңгейінен  «А» (әскерге жарамды) деңгейіне көтерді. Ол арнайы қызметте, барлау және ӘӘК  қызмет ете алады», - деді Рощупкин.

Көктемде әлембұл жігіттің бойы 171 см, ал салмағы  130 келі болып, әскери борышын өтеуге жарамсыз деп танылған.  

0 пікір
Мұрағат