Құмар ойындар бизнесі тоқырауға ұшырайды
Құмар ойындар бизнесі тоқырауға ұшырайды
2 жыл бұрын 1419

Лас-Вегас – әлемдегі құмар ойындардың бизнесі барынша өркендеген АҚШ қаласы. Бұдан былай Лас-Вегас құмар ойындар бизнесінің есебінен дәулеті шалқыған қала болудан қалады. Соңғы жылдары осы қаланы «асырап» отырған, яғни, қала бюджетіне миллиардтаған қаржы түсіріп отырған құмар ойындар бизнесі  тығырыққа тірелді. Өйткені, әлемнің түкпір-түкпірінен осы қалаға құмар ойындар үшін ағылатын туристердің қарасы азайған. Соған орай қонақ үйлерге, мейрамханаларға, түрлі шоу-думандарға және т.б. көңіл көтеретін орындарға түсетін қаржы жылдан жылға азайып келеді. Бұл жайында  Business Insider ақпарат көзі хабар таратты.

Morgan Stanley экономистері жүргізген зерттеу нәтижесінен байқалғандай, 2013 жылы құмар ойындар бизнесі 37 пайыз табыс тапқан. Ал бұл көрсеткіш өткен ғасырдың 70-ші жылдары 60 пайызды құраған болатын. Бұл жайында Gazeta.ru хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат