Серуендеген кезде әңгімелесудің пайдасы қандай?
Серуендеген кезде әңгімелесудің пайдасы қандай?
10 жыл бұрын 3077

Apple компаниясының іргетасын қалағандардың бірі, бүгінде қайтыс болып кеткен Стив Джобс жүре әңгімелескенді ұнататын еді.  Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг серуендеп жүріп кеңес құрғанды қолай көретін. Соңғы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, жаяу жүру, серуендеу адамның ойын ұшқыр етіп, шығармашылық тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеті 60 пайызға артатын көрінеді. Өйткені, сіз қозғалыста боласыз әрі өзгемен әңгімелесу арқылы сіздің миыңыздың белсенділігі артып, ақпараттарды дұрыс қорытуға септігін тигізеді. Егер сіздің жұмысыңыз кездесулер мен кеңесуден тұратын болса, онда таза ауада немесе табиғат аясында серуендеп жүріп, шаруаңызды бітірген қолайлы. 15 минут серуендеп жүріп кеңесу кезінде шамамен 2500 адым жылжиды екенсіз. Осылайша сіз күніне көздеген мақсатыңызға бір табан жақындап қана қоймай, денсаулығыңызды да айтарлықтай жақсартасыз. 

0 пікір
Мұрағат