Қорлап отырып, құрмет көрсеттік деп ойлайды (фото)
Қорлап отырып, құрмет көрсеттік деп ойлайды (фото)
2 жыл бұрын 4905

Индонезияның оңтүстік Сулавеси таулы аймағын «тораджи» деп аталатын ұлыс өкілдері мекендейді. 

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Олар анимизм нанымын (жаны бар заттардың ғана емес, жансыз заттардың және құбылыстардың рухани тегі болады деп сенеді) ұстанады. Соқыр сенімге негізделген сорақылықтардың бірі өлік жөнелту рәсімдерінде көрініс тапқан. Адам мәйітін қорлаудан асқан бұдан өткен сорақылық жоқ шығар: көктей солған балаларды тал-ағашқа жерлеу, мумияға айналып кеткен адам сүйегін сәндеп көпшілік көретін жерге қою, т.б. Мәйітке құрмет көрсетіп отырмыз деп, қорлық көрсететінін өздері де сезбейді-ау. Соқыр сенім саналарын әбден тұмшалап тастаған. Тораджилер үшін жерлеу рәсімі қоғамдық сипаты бар ең маңызды оқиға болып табылады. Ол бірнеше күнге созылады. 

1. Тораджилердің бір адам қайтыс болса, туыстары жиналып, "Рамбу Солок» деп аталатын, қатарынан бірнеше күнге созылатын өлік жөнелту рәсімдерін бастайды. Нақтырақ айтқанда, жағдайы жоқтар өлік жөнелтуге бірден кіріспейді. Жерлеу шығынын жабу үшін апталап, айлап, кейде жылдап күтуіне тура келетін қажетті қаржыны жинау үшін. Осы уақытқа адам сүйегі жер қойнына тапсырылмайды. Оны бальзамдап, үйге қойып қояды. Бір шаңырақтың астында тірілермен бірге болады. Адам сүйегі жер қойнына тапсырылмайынша оны өлді деп санамайды, аурудан азап шегіп жатыр деп сенеді. 
Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

2. Өлік жөнелтуге қажетті қаражат жиналғаннан кейін тиісті рәсім басталады: енеке мен доңыз сойылады. Құрбандық шалу кезінде ән шырқалып, би билейді. Ал жас жігіттер мен бозбалалар ауызындағы іші қуыс бамбук  таяқшасымен құрбандыққа шалынған жануардың аққан қанын сорады. Өлген адамның көзі тірісінде дәрежесі қаншалықты жоғары болса, соғұрлым көп жануар құрбандыққа шалынады. Құрбандыққа ондаған жануар шалынуы мүмкін. Осыдан кейін олардың етін жерлеу рәсіміне келгендерге таратып береді. 

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Содан соң өлікті жер қойнына тапсыру рәсімі өтеді. Десе де, оларды жер қойнына беруі сирек кездеседі. Жартасқа жерлейді немесе ағаштың жасалған табытқа салып, биіктеу жерге іліп қояды. 

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

4. Биіктеу жерге ілінген мәйіттің еті біршама уақыттан кейін табыттың саңылауынан жерге ағып кетеді. 

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Ал, балаларды ағаштың қуысына жерлейді. Егер бала тісі шықпай жатып өмірден озса, оны матаға орап, өсіп тұрған ағаштың қуысына жасырады. Бір ағаштың өзінде бірнеше бала жерленуі мүмкін.

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Келесі жылы келіп, әр жылдың тамыз айында мумияға айналған адам сүйегін сәндеп, киіндіріп, "Ма’Нене" рәсіміне қатыстырады. Оларды ауылдың қақ ортасымен алып жүреді. Ел көруі үшін. 
Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Осы жерлеу рәсімін тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен туристер мен антропологтар қаптап келеді.

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

Необычные похоронные ритуалы в Индонезии

7 пікір