Қасиетті айда ажырасуға тыйым салынды
Қасиетті айда ажырасуға тыйым салынды
7 жыл бұрын 3491 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық жердің бас қазысы Махмұд әл-Хаббаш қасиетті Рамазан айы біткенше ерлі-зайыптыларға ажырасуына тыйым салатын жарлық шашты. Бұл жайында "әл-Арабия" ақпарат көзі хабар таратты. Қазы өзінің бұл шешімін өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, шығарғанын жеткізді. "Ашығу мен шылым шегуден бас тартудың арты адамның көңіл күйіне әсер етіп, ашуға ерік беріп жатады". "Оразаның осындай сынағына төтеп бере алмай асығыс шешім қабылдап, опық жейтіндер бар",- деді ол неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіре келе. 

0 пікір
Мұрағат