Прокурорлардың жұмысы рейтинг бойынша бағаланады
Прокурорлардың жұмысы рейтинг бойынша бағаланады
7 жыл бұрын 2804 Baq.kz centralasian.org

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев прокуратура қызметкерлерімен кездесуде болашақта олардың жұмыстары баллдық жүйе бойынша бағаланатынын хабарлады. 

Президент Шавкат Мирзияев прокуратура органдары қызметкерлерінің күнінде заң қадағалаушылармен кездесті.

«2017 жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдердің, прокуратура органдары мен ішкі істер қызметкерлерінің халыққа есеп беріп отыру жүйесі енгізіледі. Мұнан бөлек, ай сайын прокурорлардың қызметтеріне баға беріліп отырады. Олардың жұмыстары осы рейтингіге сәйкес бағаланатын болады», – деп атап өтті президент.

Мирзияев «прокурорлардың әрбір қабылдаған шешімдерінің артында адам тағдыры тұрады» деп, премьер-министрдің виртуалды қабылдауында прокуратура органдарының жұмыстарына қатысты өте көп арыз түсетінін айтты.

«Өткен жылы премьер-министрдің виртуалды қабылдауына 311 мың өтініш келді. Олардың ішінде прокурорлардың жұмыстарына қатысты шағым аз емес. Адамдардың проблемалары неге көбейіп жатыр? Арыздардың көбі тиісті орган басшыларының жауапкершіліктері жоқтығына байланысты деп атап өтті Өзбекстан президенті.

0 пікір
Мұрағат