Будда монахтары Мәулітті мерекелеуге кедергі жасады
Будда монахтары Мәулітті мерекелеуге кедергі жасады
7 жыл бұрын 3210

Мьянманың Янгон қаласында осы елдегі азшылықты құрайтын әрі ұлтшылдар тарапынан қысым көріп, жиі қуғындалатын мұсылмандар жамағаты Мәулітті мерекелей алмады. Оған будда монахтары кедергі келтірді. Куәгерлердің айтуынша, радиуалды будда монахтары мұсылмандардың Мәулітті мерекелеуіне барынша кедергі келтіруі үшін әдейі шеру өткізіп қана қоймай, мұсылмандардан мерекені тоқтатуын қатаң талап еткен. "Бұл мерекені өмірімізде бірінші рет өткізіп тұрмыз. Олардың бұл шабуылы наным-сенім бостандығына қол сұғумен бірдей әрекет болды. Сол жердегі тәртіп сақшылары да оларды тоқтатуға еш шара қолданбады",- деді осы мерекені ұйымдастырушылардың жетекшісі Үлем Ислам Кьяу Ньейн "New Straits Times" ақпарат көзіне берген сұхбатында. 

0 пікір
Мұрағат