Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...
Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...
5 жыл бұрын 4292 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамдардың дені өз өміріне риза емес. Мұндай жағдай тек өркениет игілігінен қағылғандар арасында ғана емес, сонымен қатар, бір сарында, мазмұнсыз, мағынасыз өмірінен мезі болғандар арасында да кездеседі. Кілем сатумен айналысатын Йен Ашер есімді Автралия тұрғыны мұндай сүреңсіз өмірінен құтылу үшін оны бәссаудаға "шығарды". Өмірді жаңа парақтан бастауды мақсат етіп. Ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтын оның бұл батамасы, қызық болғанда, сәтті аяқталды. Өзі әзер жүргенде әйелімен жанжалдасып, ақыры зайыбы одан кетіп тынады. Міне, осы жерде Йен Ашердің төзімі таусылады. күйзеліске түсіп, өз өмірін eBay аукционына қояды. Ол енді өзінің өміріне мұқтаж емесін жариялап, өз өмірінің бастапқы бағасын 1 долларға бағлайды. Саудаласқандарға өзінің заттары мен бұйымдарын, үй-жайын, тіпті, жұмыс орнын сатып қоймай, туған-туысқандарын да, дос-жарандарын да таныстырып, тек өзінде төлқұжаты мен мақсаты жазылған қағазын қалдырады. Бір аптадан кейін оның өмірінің құны 305 000 долларға жетеді. Ол ақшаны қалтасына басып, бұрынғы арманын орындау үшін әлемнің түкпір-түкпірін саяхаттауға арнамақ. Бұрын бұл арманына қол жеткізуге оның қаражаты болмайтын. Енді мүмкіндік туды. Осылайша ол ескі өмірімен қош айтысып, шағын фильмге де түсіп үлгереді. Тіпті, аралды сатып алып, ғашық та болады. Ол бұрынғы сұрқай өмірін есіне алмауға тырысады. 

0 пікір
Мұрағат