Өзге елдің президенті көрші елде ант беруге мәжбүр болды
Өзге елдің президенті көрші елде ант беруге мәжбүр болды
7 жыл бұрын 4941
Африкада тағы бір соғыс басталды

Сенегал әскері Гамбияға басып кірді. Бұл жайында "Reuters"  ресурсы "Медуза" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.  Мұдағы мақсат президенті сайлауында жеңіске жеткен Адам Берроудың заңды билігін қорғауға саяды. Айта кетейік, қаңтардың 19-ы күні Сенегал аумағында Гамбияның жаңа сайланған президенті қасиетті Құранға қолын қойып, ант беруге мәжбүр болған. Оған 1994 жылдан бері билік тізгінін ұстаған Яйя Джамманың президенттік қызметтен кетпей отырғандығы себеп болды. Тақтан айырылғысы келмеген Гамбияның бұрынғы президенті Адам Берроуға кедергі жасау үшін елде төтенше жағдай режимін де енгізді. Адам Берроу фула ұлысынан шыққан, Англияда білім алған мұсылман. 

0 пікір
Мұрағат