Өзбекстан банан өсіре бастады
Өзбекстан банан өсіре бастады
6 жыл бұрын 2640

Өзбекстанда банан өсіретін жылыжай ашылды. Осы жылыжайдан алғашында 300 тонна жеміс алынбақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Өзбекстан басылымдарына сілтеме жасап. 

Сa-news ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Андижан облысына сапары барысында банан мен қызанақ өсіретін жылыжайлардың ашылу барысымен танысты. Жылыжайдың жалпы аумағы – екі гектар.

Бірінші маусымда 250-300 тонна банан алынады деп жоспарланып отыр. Ал аумағы бір гектар болатын жылыжайда өсірілетін қызанақтар көрші елдерге экспортталатын болады. Кәсіпкерлікте тұрақты 30 жұмыс орны бар.

0 пікір
Мұрағат