Өз зеңбірегі болатын авиациялық зымыран жасалады (видео)
Өз зеңбірегі болатын авиациялық зымыран жасалады (видео)
4 жыл бұрын 1584 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

DARPA агенттігі «Gunslinger» («Атқыш») деп аталатын авиациялық зымыранды жасауға кіріспек. Оның басты ерекшелігі – онда жер бетіндегі әне көктегі жау насындарын жоюға арналған көп зарядты, автоматты зеңбірек орнатылады. Былайша айтқанда, бұл арада сөз ұрысты қауіпсіз қашықтан жүргізуге қабілетті ұшақтағы оператор арқылы басқарылатын роботталған әскери жүйенің әр алуандылығы турасында болып отыр. Яғни, авиациялық зымырандардың «әуе-әуе» және «әуе-жер» түрлері қаһарлы қару болғанымен қымбатқа түседі. Ал «Gunslinger» жаудың екі жойғыщ ұшағын немесе жер бетінде бірнеше нысанды жоя алады. Осылайша ол кәдімгі зымыраннан тиімділігі жағынан кем түспейтін болады. Бұл арада ұшқыш оператор басын қатерге тігіп жатпайтынын айта кету керек. «Gunslinger» қолданудың бір нұсқасы былайша көрініс табады: жау жарағын жоюға арналған F-22 Raptor және F-35 Joint Strike Fighter  секілді жойғыш ұшақтары ашық майданға шықпай-ақ әуе тұзағы тактикасын қолданады. Мәселен, F-35 жойғыш ұшағы қарсы келе жатқан жау ұшақтарына алдымен бірнеше «Gunslinger» зымыранын бағыттайды, сонсоң AMRAAM секілді «әуе-әуе» зымыранын жібереді. AMRAAM зымыранынан қашқан жаудың жойғыш ұшағы «Gunslinger» зеңбірегінің оғына кез болады. Осындай қатерді ескерген жаудың ұшағы белгілі бір ара қашықтықты сақтауға мәжбүр болмақ. Осылайша америкалық жойғыш ұшақтардың жасырынуына әрі қауіпсіз қашықтықтан шабуыл жасауына мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат