Өткен жылы қанша адам өлім жазасына кесілді
Өткен жылы қанша адам өлім жазасына кесілді
6 жыл бұрын 3120

Amnesty International ұйымы 2017 жылы әлем бойынша өлім жазасына кесілгендер санын анықтады. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Өлім жазасына кесілген 993 адамның 272-сі есірткіге қатысы барлар.

Өлім жазасы көбіне Иран мен Сауд Арабиясында болған. Өлім жазасын кесу жағынан екінші орында Иран, үшінші орында Сауд Арабиясы тұр. Ирак пен Пәкістан елі де осы тізімде көш бастайды. Бірінші орында Қытай елі. Алайда Пекин өлім жазасын ресми түрде жарияламайды. Сондықтан құрбандар саны аз тіркеледі.

Өлім жазасы Вьетнам мен Белоруссияда бар. Белорруссия Европадағы ауыр жаза қолданылатын жалғыз ел.

БҰҰ-на кіретін 193 елдің 106-сы өлім жазасынан бас тартқан. Ал 36 елде тәжірибе жүзінде қолданылмайды. 2017 жылы ауыр жазадан Гвинея мен Монғолия елі бас тартқан болатын.

0 пікір
Мұрағат