Отарсыздандыруды отаршылдардың өзі бастаған ел: Христофор Колумбтың ескерткіштері құлатылуда (видео)
Отарсыздандыруды отаршылдардың өзі бастаған ел: Христофор Колумбтың ескерткіштері құлатылуда (видео)
5 жыл бұрын 3367 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лос-Анджелес мегаполисінде америкалықтар нәсілшілдікпен күрес бастады. Американы ашқан деген мифке күйрете соққы берген бұл бастама тарихқа жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік бермек. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Христофор Колумбты Американы ашқан емес, алғашқы жаулаушы тұлға ретінде тану бағытында науқан басталды. Солтүстік Американың байырғы халқын қан-жоса етіп қырған геноцидті мойындай бастаған америкалықтар еуропалық экспанцияны және еуропалықтардың жергілікті табиғи ресурстар мен адам капиталын талан-таражға салып, тонағанын ашық айта бастады. Лос-Анджелес қалалық кеңесінің мүшесі Митч О’Фарелл Христофор Колумбтың ескерткішін сүру кезінде: "Христофор Колумбты алғашқы Американы ашушы деген жалған түсінікке соққы берудің кезекті қадамы болмақ",- деп мәлімдеді. "Шын мәнінде, оның тұлғасы адамзат тарихындағы ең үлкен геноцидті еске түсіреді",- деді артынша. Бұл бастама енді көтеріліп отырған жоқ. 2016 жылдың қазан айының 11-і күні Нью-Йорк мегаполисінде шеруге шаққандар Американың табиғи музейін басып алып, "тарихты отарсыздандыру" процесін бастауды талап еткен болатын. Ел билігінен. Бұл бастама Кремлге де жұғысты болса дейсің. Ермакты әлі күнге "Сібірді ашушы" тұлға ретінде әспеттеп келеді. Сібірдің байырғы халқын қанға бөктірген қарақшыны игі жақсыларының қатарына қойып, ұрпақты адастырып, тарихқа қиянат жасап отыр. Татарлар мен башқұртар және Сібірді мекендеген қанша ұлыс бүгінгі таңда тілінен айырылудың аз-ақ алдында тұр. Ұлт болып жойылып кеткендерін есептемегенде. 

 

0 пікір
Мұрағат