Жоғарғы сот шариғат шәлісінің пайдасына үкім шығарды
Жоғарғы сот шариғат шәлісінің пайдасына үкім шығарды
5 жыл бұрын 3459 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның жоғарғы соты әскер сапындағы әйелдердің шариғат шәлісін жамылып жүруіне тыйым салу туралы талап арызды қанағаттандырмады. Түркияның қарулы күштері өткен жылдан бастап, әскери әйелдерге шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат берген болатын. Алайда, елдегі секуляристік топ пен социалистік партия өкілдеріне әскер қатарындағы әйелдердің хижаб киюіне наразылық білдіріп, жоғарғы сотқа шағымданған болатын. Бұл жайында AhvalNews ақпарат көзі хабар таратты. Осы орайда Түркияның қорғаныс министрлігі әскери әйелдердің наным-сенім бостандығына қол сұқпайтынын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат