Өлім жазасының жаңа түрі енгізілді
Өлім жазасының жаңа түрі енгізілді
6 жыл бұрын 4869 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та көп ұзамай өлім жазасының жаңа түрі қолданысқа енгізіледі. Яғни, адамның жанын үзудің тың тәсілі қолданылады. Оклахома штатында алғаш рет газ тәріздес азот өлім жазасына кесілгендерге қолданылатын болды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған штатта ең ауыр жаза – өлім жазасы 2015 жылдан бері тоқтап қалған еді. Сол кезде өлім жазасы инъекция (улы затты қылмыскердің денесіне егу) арқылы жүзеге асырылған болатын. Бұл өз кезегінде қылмыскерлердің жан төзгісіз азаптан жанталасып жатып көз жұмуына себеп болған еді. Мәселен, 2014 жылы айыпталған Клэйтон Локетт есімді өлім жазасына кесілген тұтқын 40 минуттан аса уақыт бойы қатты азап көріп барып жан тәсілім еткен еді. Аталған иньекциядан. АҚШ-тың көптеген штаттарында өлім жазасының уақытша тоқтатуына улайтын заттардың жетіспеушілігі себеп болған. Өйткені, АҚШ-тағы өлім жазасына қарсы еуропалық елдер препараттарды жіберуден бас тартқан болатын. Сол себепті, АҚШ-та өлім жазасын орындаудың жаңа түрі енгізіліп отыр. Яғни, газ тәріздес азотты қолдану арқылы. Газ тәріздес азот – ауада кездесетін түссіз, дәмсіз зат. Тек оның өзімен, яғни, оттегісіз тыныстаған кезде адам өліп кетеді. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта АҚШ-тың 31 штатында өлім жазасы қолданылады.

0 пікір
Мұрағат