Нью-Йоркте 20 мың ара зәулім ғимаратқа ешкімді кіргізбей қойды (видео)
Нью-Йоркте 20 мың ара зәулім ғимаратқа ешкімді кіргізбей қойды (видео)
7 жыл бұрын 4015 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк қаласының іскерлік орталығы, әлем қаржысы айналып жататын Манхэттендегі төбесі көк тіреген Vox Media ғимаратының кіреберісіне 20 мың ара жабысып, адамдардың ішке өтуіне кедергі келтірген. Бұл видеоны Verge Science жаңалықтар порталы Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған екен. Кеше, яғни, маусым айының 14-і күні. Бұл видеоны 154 мыңнан аса адам тамашалап үлгерген. Осы аз уақыт аралығында. Аталмыш ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, аралар өздерінің көсемі ханшайымның соңынан ерген. Нью-Йорктегі аптап ыстықтан салқын жер іздеген аралардың тапқан жері Vox Media ғимараты болды. Жәндіктерді омарташылар келіп, арнайы жәшікке салып, жинап алды. Айта кетейік, 2010 жылы бұл мегаполисте ара бағуға рұқсат берілген болатын. Қала тұрғындары араны көбінесе үйлерінің шатырында бағады. 

 

0 пікір
Мұрағат