Непалдағы зілзаладан Эверест аласара түсті
Непалдағы зілзаладан Эверест аласара түсті
2 жыл бұрын 941

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 25-і күні Непалда орын алған жойқын зілзаладан Эверест шыңы аласара түскен. Бұл жайында The Huffington Post басылымы ғалымдардың тұжырымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Нақтырақ айтқанда, геофизикалық зерттеумен айналысатын «UNAVCO» коммерциялық емес консорциумның келтірген дерегіне қарағанда аталмыш тау шыңы 2,54 сантиметрге аласарған. Ғалымдар бұл мәліметті өз кезегінде сәуір айының 29-ы күні Джомолунгманың үстінен ұшып өткен «Күзет – 1» еуропалық жерсерігінен алған. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біріккен зерттеу интситутының қызметкері, профессор Роджер Билхам (Roger Bilham) Эверестің ұшар шыңының аласаруы 1-2 миллиметрден аспайтынын айтып отыр. Есесіне, оның айтуынша, Гималайдағы Аннапурна тау жынысы жер сілкінісінің салдарынан 20 сантиметрге биіктеген. Ал, Германияның аэроғарыш орталығының мамандары зілзала орын алған Катманда ауданындағы жер бетінің бір бөлігінің (яғни, 2,5 шаршы метрден аса бөлігі) шамамен 91 сантиметрге көтерілгенін жеткізді.

0 пікір