Босқын мұсылмандардың бауырластар зираты табылды
Босқын мұсылмандардың бауырластар зираты табылды
2 жыл бұрын 939

Тайландтың оңтүстігінен Мьянмадағы және Бангладештегі нәсілдік кемсітушіліктен, діни араздыққа жол берген будда радикалдарының қуғын-сүргіні мен зорлық-зомбылығынан бас сауғалап қашқан этникалық азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың бауырластар зираты табылды. Кезінде Тайланд билігі оларды қабылдаудан бас тартқан болатын. «32 адамның сүйегі табылды, олардың төртеуінің мәйіті ауруханаға сойып көруге жіберілді», - деді құтқару қызметінің қызметкері Сатхит Тхамсуван «AFP» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, бауырластар зиратынан бөлек ну жыныс орманнан арып-азған бір ер адам табылған. Ол емханаға жөнелтілді. Естеріңізде болса, будда радикалдары қыр соңына түскен рохиньялық мұсылмандар тек аштықтан ғана емес, сонымен қатар, «жығылғанға – жұдырық» дегендей, жол-жөнекей контрабандашылардың, құл саудагерлерінің қолынан да қырылған болатын.

0 пікір