Мұсылман бизнесмен тұтқындардың айыппұлын төлеп берді
Мұсылман бизнесмен тұтқындардың айыппұлын төлеп берді
4 жыл бұрын 1591 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістандағы зергерлік дүкенінің қожайыны Пироз Мершант Біріккен араб әмірлігіндегі 700 тұтқынның қарызын өтеуге 1 млн дирхамын (272 480 доллар шамасында) бөлді. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, тұтқындар туған еліне қайтуы үшін олардың жол шығынын көтеріп алды. Осылайша «Pure Gold Group» компаниясының негізін қалаушы әрі оның жетекшісі, тұтқындардың басындағы жағдайға қоғамның назарын аудару мақсатында 2008 жылы қабылданған «Ұмытылған қоғам» деп аталатын бағдарламаға өз үлесін қосты. Аталмыш бағдарламаның мақсаты кезінде жаза басып, жауапкершілікке тартылған тұлғалардың бостандыққа шыққан соң екінші қайтара өмір бастауына игі ықпал етуге саяды. Пироз Мершант бұл бағытта билікпен бірге жұмыс істесіп келеді. Сот белгілеген жаза мерзімін өтеп шыққанымен қарызын қайтаруға шамасы болмағандықтан бостандыққа шыға алмай отырғандардың қарызын төлеп беруді өзінің азаматтық борышы деп біледі. Аталмыш бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін кезінде аталған араб еліне нәпақа іздеп келіп, жаза басып, жауапкершілікке тартылған Ауғанстаннан, Ирактан, Үндістаннан, Пәкістаннан, Филиппиннен, Ресейден және Таиландтан, қысқасы, әлемнің 30-дан аса елінен болған тұтқындар еліне қайтарылды.

0 пікір
Мұрағат