Мешіттер мен шіркеулерде діни Wi-Fi пайда болады
Мешіттер мен шіркеулерде діни Wi-Fi пайда болады
8 жыл бұрын 2514 muslim.kz

Көршілес Ресей елінің мешіттері мен шіркеулерінде жақын арада тегін Wi-Fi жүйесі орнатылмақ. Бұған қоса, желіні қолданушыларға эктремистік немесе террористік көзқарастағы ақпараттарды көрсетілмейтін болады.

Wi-Fi желісі қосылған мешіт немесе шіркеудегі қабылдау алаңында арнайы ақпараттық сүзгі жүргізіліп, эктремистік үндеулер мен іріткі тудыратын мәліметтерден тазартылып отырады.

Сондай-ақ, ақпараттық сүзгі жұмыстары Ресей аумағындағы дәстүрлі дін өкілдерімен келіскен түрде жүзеге асатын болады. Әзірге ғаламтордағы ақпараттарды сараптау концепциясы дайындалу үстінде.

0 пікір
Мұрағат