Көздің көруін жақсартатын жаттығулар
Көздің көруін жақсартатын жаттығулар
8 жыл бұрын 11361 massaget.kz

Егер көзіңізге күнделікті жаттығу жұмыстарын жасап жүрсеңіз, көп ұзамай нәтижесін көресіз. Оған күніне 10 минут қана уақыт бөлсеңіз жеткілікті. Назарларыңызға көзіңіздің көруін жақсартатын жаттығуларды ұсынып отырмыз.

1. 2 минут бойы көзіңізді жыпылықтатыңыз. Бұл жаттығу сіздің көзіші қанайналымыңызды қалыпқа келтіреді.

2. Көзіңізді оңнан солға қарай, жоғарыдан төменге қарай айналдырыңыз.

3. Ашық көзіңізбен ауаға сурет салып үйреніңіз. Бастапқы кезеңде геометриялық пішіндерді салсаңыз, уақыт өте келе қиын нысандар мен масштабты композицияларды сала бастаңыз.

4. Көзіңізді 3-5 секунд сығырайтып, кейін қайтадан ашыңыз. Сөйтіп, 7 рет қайталаңыз. Бұл жаттығу көз бұлшықетін нығайтып, қанайналым жүйесін қалыпқа келтіреді. 

5. Қабағыңыздың үстін жайлап саусағыңызбен 2-3 секунд басыңыз. Мұндай әдіс арқылы көз іші сұйықтығын жақсартуға болады. 

6. Басыңызды айналдырыңыз. Бұл да көз қанайналымына өте пайдалы. 

Дайындаған: Жасұлан Исакаев

0 пікір
Мұрағат