Мемлекеттік Дума діни іс-шаралар өтетін орындар туралы заң қабылдады
Мемлекеттік Дума діни іс-шаралар өтетін орындар туралы заң қабылдады
10 жыл бұрын 3181

Осы сәрсенбіде Ресей Федерациясының Мемдума депутаттары діни іс-шаралар өтетін орындарды анықтауға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. Депутаттар қабылдаған аталмыш заң жобасына сәйкес діни іс-шаралар ендігі жерде ғибадат ғимараттарында, тіркеуден өткен діни құрылымдарға тиесілі аумақтарда, діни ұйымдардың меншігіндегі немесе оларға діни жоралғыларды өткізуге құқық беретін орындарда, зиярат ететін мазарларда, крематорияда өтетін болады. Өзге жағдайларда, яғни, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұндай шараларды өткізу реті шеру, демонстрация және митинг жөніндегі заңда қарастырылған тәртіппен белгіленеді.

0 пікір
Мұрағат