Мемлекет мешітті жаңа жылдық безендіруге ақша жинап беруге мәжбүрлеуде
Мемлекет мешітті жаңа жылдық безендіруге ақша жинап беруге мәжбүрлеуде
6 жыл бұрын 7059 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда мемлекеттік басқару органдары мешітті қолбалаға айналдырып алды. Тура мағынасында. Нақтырақ айтқанда, Бұхара билігі жергілікті мешіттерді жаңа жылдық безендірулерге қаржы жинап беруге міндеттеп отыр. Бұл жайында өзбектердің «Озодлик» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, жергілікті атқамінерлер 30 млн сум (шамамен 4 мың доллар) жамағаттан түскен садақа есебінен жаңа жылдық безендіруді қолға алмақ. Ол ол ма, жергілікті атқамінерлердің мешіт имамдары бұл іске өз еріктерімен қосылды, оларды ешкім мәжбүрлеген емес" деп жалпық жұртты сендіруге көшкен. "Сезікті секірердің" кебін келтіріп. Ал Хорезм, Ферғана, Сұрхандарин облыстарының кәсіпкерлері жаңа жылдық безендіруді өз мойындарына алып отыр. Олар арнайы білім беру мекемелерінде оқитындар мен ата-анасы жоқ жетімдерге сыйлықтар үшін қаржы жинап береді. 

0 пікір
Мұрағат