Мәскеуде ашынған өзбектер ереуілге шықты (видео)
Мәскеуде ашынған өзбектер ереуілге шықты (видео)
7 жыл бұрын 6332 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу қаласында Орта Азиядан, дәлірегі, денін Өзбекстаннан келгендер құрайтын еңбек мигранттары ереуілге шықты. Метро құрылысын салып жатқан мигранттар бес ай бойы ала алмаған табан ақы, маңдай терін даулады.Олар отбасын асырау үшін жер астында 12 сағат бойы бел жазбай жұмыс істейтіндерін алға тартты. Жұмыстары ауыр әрі лас, денсаулыққа да зиянды. Ереуілге жұмыс беруші шақыртқан тәртіп сақшылары келіп араласты. Жұмыс беруші компания өкілі дөрекі тіл қатып, шетелдіктердің бұл елде ереуілдеуіне құқытары жоқтығын алға тартты. 

0 пікір
Мұрағат