Малайзияда алапат су тасқыны болды (фото)
Малайзияда алапат су тасқыны болды (фото)
2 жыл бұрын 1174

Малайзияның  бес штатында  дәл қазір алапат  су тасқыны болып, 100 мыңнан аса адам құтқарылды. Әсіресе Келантан штатындағы жағдай өте ауыр.  Мектеп, аурухана, стадион, яғни бүкіл елді-мекен судың астында қалып отыр.

Келантан олардың туған елді-мекені екен. Жағдайдың қиындығы сонша, ешқандай  коммуникациялық байланыс жоқ. Бүкіл ел су апатынан зардап шеккен штаттан хабар ала алмауда.  Мұндай жағдай Малайзияда бұрын соңды болмаған. Судың деңгейі арналардан  бірнеше метрге дейін асып түскен. Бүкіл автожолдар жабық. Халықаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, қазір Келантаннан 30 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшіріліпті. Терангануда 22 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Пахангта 11 мыңдай малайзиялық өз үйлерінен үдере көшсе, 100-ге жуық  Канада, Германия, Франциядан келген туристер қонақ үйде қамалып отыр. Қатты нөсер мен қалың тұманның салдарынан адамдарды құтқару қиындық тудыруда. 

Осындай ауыр жағдайды бастан кешіріп отырған малайзиялық бауырларға дұға жасауды ұмытпайық! 

 

0 пікір