Венесуэланың жағажайында 300 турист тоналды
Венесуэланың жағажайында 300 турист тоналды
2 жыл бұрын 428

Венесуэланың шығысында орын тепкен Арапито жағажайында тапа тал түсте оқыс оқиға орын алды. Осы жағажайда демалып жатқан 300 турист тонаушылардың «жеміне» айналды. Нақтырақ айтқанда, тонаушылар алдымен аспанға оқ атып, туристердің зәре-құтын ұшырып, олардың әмияндары мен бағалы заттарын алып кеткен. Біршама уақыттан кейін жергілікті тұрғындар полицияның дәрменсіздігі мен немқұрайлылығына ашынып, Арапитоға апаратын жолды жауып тастады. Осыған орай айта кету керек, бұл елде полицияға халықтың 74 пайызы сенімсіздік танытады. Ересектердің тек 19 пайызы ғана көшеде түн жамылып жалғыз-жарым жүруден қорықпайды екен. Ал сауалнамаға қатысқандардың 22 пайызы соңғы бір жыл ішінде өзі немесе туыстарының тоналып қалғандығын тілге тиек еткен.

0 пікір
Мұрағат