Қасқырды тірідей қолға түсірді (фото)
Қасқырды тірідей қолға түсірді (фото)
9 жыл бұрын 8414

Қырғызстанның Нарын облысының Ақ-Талын ауданында тұратын Мирбек Омаракунов есімді 32 жастағы жігітке қасқыр шапты. Бұл жайында turmush.kg ақпарат көзі хабар таратты. Елді елең еткізген бұл оқиға осыдан бірнеше күн бұрын, дәлігері, желтоқсан айының 23-і күні орын алған. Мал бағуға шыққан жігіт өзіне шапқан қасқырмен жарты сағаттан аса уақыт алысқанын жеткізді. Ол қасқырмен алысып жүріп, қалта телефонымен досына хабарласудың қыбын тапқан екен. Тараз есімді көмекке келген досы екеуі қасқырды тірідей қолға түсіріп, байлап-матап ауылға әкелген. Тістеп алмасы үшін жағын қатты таңып тастағандықтан қасқыр артынан дем жетпей тұншығып өлген.

0 пікір
Мұрағат