Лауазымды христиан қызметкері өз қаржысына мешіт салып берді
Лауазымды христиан қызметкері өз қаржысына мешіт салып берді
7 жыл бұрын 2712 ansar.ru

Нигерияның Адамава штаты губернаторының орынбасары Мартинс Бабале наным-сенімі өзге, яғни, христиан болғанына қарамастан жергілікті мұсылман жамағатына өз қалтасынан қаржы шығарып, мешіт салып берді. Дінаралық татулықтың белгісі ретінде. Мешіттің ашылу салтанатында мешіттің кілтін Тоунго қаласындағы мұсылмандар жамағатының жетекшісіне қолына ұстатты. Бұл жайында The Cable ақпарат көзі хабар таратты. «Мен бүгін халқымның тағы бір арманын орындадым. Бұл мешіт жұртымызды жұдырықтай жұмылдыратын орталыққа айналатынына үміт артамын»,- деді ол сөйлеген сөзінде. Жергілікті мұсылман жамағаты мәрттік танытқан лауазымды тұлғаға алғыс айтты. 

0 пікір
Мұрағат