Қай мемлекет исламды шеттетпекші?
Қай мемлекет исламды шеттетпекші?
7 жыл бұрын 3887

Тынық мұхитындағы Самоа арал-мемлекетінің премьер-министрі ел парламентіне конституцияға енгізілетін өзгертуді талқылауды ұсынды. Бұл өзгерту бойынша шағын елде христиандықты мемлекеттік ресми дін ретінде жариялау қарастырылған. Үкімет жетекшісі Туилаепа Малиелегаои мұндай қадамға осынау елдегі исламофобиялық жат құбылыстың белең алып бара жатқан соң барғанын мойындады. Самоа шіркеулер кеңесі «қоғамға қауіп төндіреді» деген желеумен исламға біржола тыйым салуды талап еткен болатын. Алайда, Самоа мұсылмандар ұйымының басшысы Мұхаммед Даниел Стэнли премьер-министрдің бұл талабын адам құқығына, дәлірегі, наным-сенім бостандығына қайша келетінін айтып, сынға алған еді. Бұл жайында Radio NZ ақпарат көзі хабар таратты. Лаулу (шіркеулер кеңесінің өкілі болуы мүмкін – ред.) христиандықтың өзі бірнеше ағымға бөлінетінін еске сала келіп, олардың бірін таңдаған жағдайда тек мұсылмандардың ғана емес, сонымен қатар, христиандықтың өзге тармақтарын ұстанатындардың да құқығына нұқсан келтіретінін алға тартты. 

0 пікір
Мұрағат