Lagisatu.com саяхатқа шыққан мұсылмандарға көмектеседі
Lagisatu.com саяхатқа шыққан мұсылмандарға көмектеседі
9 жыл бұрын 2397

Мұсылман саяхатшыларына арналған әлемдегі аса ірі Lagisatu.com сайты қонақ үй қожайындарына мейманхана қызметінің түр-түрін ұсынатын, 130 млрд доллардан аса қаржы айналатын нарықты игеруіне көмектеседі. Мұндай сайт алғаш рет ашылып отыр. Аталмыш ресурс арқылы мұсылман тұтынушыларын тартуға болады. Қазіргі уақытта аталмыш сайтта 5 жұлдызды қонақ үйлер мен курорттардан бастап, әлемнің әр түкпіріндегі 83 000 қаласында орын тепкен 650 000-нан аса баспана түрлері ұсынылған. Бір қызығы, 10 000-нан аса қонақ үй MuslimStars рейтинг жүйесі бойынша жоғары балға, яғни, жоғары бағаға ие болған. Аталмыш рейтингте мешіттің және ас мәзірі шариғат талаптарына сай мейрамхананың жақындығы, саяхатшы түсетін әр бөлмеде қасиетті Құранның болуы секілді өлшемдер қаперге алынған.

0 пікір
Мұрағат