Жағымсыз құбылыс арқылы бір апаттан аман қалды
Жағымсыз құбылыс арқылы бір апаттан аман қалды
6 жыл бұрын 3076 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халқының саны «ғарыштық жылдамдықпен» өсіп келе жатқан Мысырдың туу көрсеткіші бірден күрт құлдырады. Бұған не себеп болды? Тарқатып айтсақ, пирамидалар елінің денсаулық сақтау министрлігі соңғы үш жыл ішінде елдегі туу көрсеткіші 62%-ға бір-ақ құлдырағанын мәлімдеді. Аталмыш министрлік келтірген ресми статистикалық дерекке қарағанда, 2015 жылы елде 6,68 млн бала туса, бұл көрсеткіш өткен жылы, яғни, 2017 жылы 2,55 млн-ға дейін кеміген. Бұл демографиялық жағымсыз құбылыс жылдан жылға көбейіп келе жатқан халқын қайда жіберерін білмей басы қатқан ел билігіне үлкен жеңілдік әкелгенін айта кету керек. Өйткені, бұл экономикасы шатқаяқтаған ел үшін, тарқатып айтқанда, соңғы он жыл мұғдарында орын алған елдегі саяси толқулар мен тақ таласының кесірінен негізгі табыс көзіне айналған туризм саласы ақсап қалғандықтан халық санының көбеюі түбі әлеуметтік жарылысқа ұрындыратын қатер еді. Мұнша халықты асырау, жұмыс тауып беру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. оңай шаруа емес. Мысырдың денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тарық Таупық ел билігінің стратегиясы 2030 жылы халық санын 128 млн-ның орнына 112 млн-нан асырмауға саятынын жайып салды. Айта кетейік, Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас-Сиси халық санының өсуін ел дамуына кедергі келтіретін негізгі фактор ретінде атап өткен болатын. Тағы бір айта кететіні, Мысыр отбасын жоспарлау мен тууды бақылауда ұстап, халық санын тежеп отырған елдердің бірі. Ел билігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта елде 94 млн адам бар.

0 пікір
Мұрағат