Көк және көгілдір түс адамды сергек етеді
|
Ғалымдардың тұжырымы бойынша көк және көгілдір түс адамды сергек етіп, өмірге деген құлшынысын арттырады әрі оның өнімді еңбек етуіне жол ашады. Бұл жайында АҚШ-тың Бостон қаласында орналасқан Бригхэм әйелдер емханасының мамандары жүргізген зерттеу нәтижесінде айтылған. Зерттеуге өз еріктерімен 15 адам қатысқан көрінеді. Оларды күніне 6,5 сағат сайын түрлі түсті сәулелі спектрмен сынап көрген. Содан кейін олардың көңіл күйі мен жалпы жағдайына талдау жүргізілген. Қысқа толқынды көк түспен сәулеленуге ұдайы ұшырағандар өздерін әлдеқайда сергек сезінетінін жеткізген. Осыған байланысты ғалымдар жұмыс уақытында көк немесе көгілдір түсті киім кию еңбек өнімділігін арттыруға оң ықпал ететінін алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)