Өз-өзіне қол жұмсайтындардың арасында ауылдық жастардың қарасы көп болып шықты
Өз-өзіне қол жұмсайтындардың арасында ауылдық жастардың қарасы көп болып шықты
2 жыл бұрын 1018

Tengrinews.kz ақпарат көзінің Бас прокуратура комитетінің төрайымы Сәуле Айтбаеваға сілтеме жасай отырып, таратқан мәліметіне қарағанда, елімізде өз-өзіне қол жұмсайтын жастардың арасында қалалық құрбы-құрдастарына қарағанда ауылдықтардың қарасы көп болып шыққан.  Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің жиынында оның келтірген дерегіне қарағанда, үстіміздегі жылдың алты айы ішінде әлі кәмелет жасына толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы қалалық жерде 26 рет орын алған екен. Ал ауылдық жерде бұл көрсеткіш – 78. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Серікбол Мұсинов қоғамымыздың бас ауруына айналған осы мәселе бойынша мынадай мәліметтерді жайып салды: 100 мың тұрғынға шаққанда пайызбен алсақ, Қостанай облысында – 42,5; Ақмола облысында – 36,4; Шығыс Қазақстан облысында – 31; Батыс Қазақстан облысында – 36,4; Қарағанды облысында – 25,6; Павлодар облысында – 25. Өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары мына облыстарда аз тіркелген: Алматыда – 5,4; Солтүстік Қазақстанда – 10,6; Маңғыстау облысында – 12,5; Астана қаласында – 12,9; Оңтүстік Қазақстан облысында – 13.

0 пікір
Мұрағат