КЕНГУРУ КЕЙПІНДЕГІ ҚОҚЫС САЛҒЫШҚА ДА ТАБЫНА БАСТАДЫ (ВИДЕО
КЕНГУРУ КЕЙПІНДЕГІ ҚОҚЫС САЛҒЫШҚА ДА ТАБЫНА БАСТАДЫ (ВИДЕО
6 жыл бұрын 3050 muslim.kz

Индуизм дініндегі кейбір сорақылықтар жайлы көбіміздің аздылы-көптілі мағлұматымыз бар. Дегенмен, ғаламтор бетінде пайда болған мына бір бейнеролик бәрінен асып түсті.

Бейнероликте Үндістанның шығысында орналасқан елдімекендердің бірінде индуизм дінін ұстанатын жандардың көшедегі қоқыс жәшігіне табынып жатқаны түсіріліп алынған. Бейнероликтен Зеңгібаба тұқымына табынатын олар үшін кенгуру мақұлығы да киелі болып табылатынын айқын аңғаруға болады. Әсілі, шаһар әкімшілігі қоқыс жәшігін жасатқан кезде тұрғындардың «соқыр сенімдері» жайлы ұмытып кеткен сияқты.+

Өздерінің құлшылық орындарына баратын жолда орналасқан қоқыс жәшігі осылайша ойламаған жерден қасиетке ие болып, ішіне тиын-тебен тастап, су бүркіп, білгендерін істеп жатыр.

0 пікір
Мұрағат