Катардың позициясы нығайып келеді
Катардың позициясы нығайып келеді
3 жыл бұрын 2042 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2017 жылдан бері терроризмге дем берді әрі араб елдерінің ішкі ісіне қол сұқты деген желеумен Катарға Парсы шығананығдағы араб елдері тарапынан байкот жарияланғанын білесіздер. Бұл турасында кезінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында жазған болатынбыз: «Кеменің жанындағы қайықтай елдің қайғысы сейіліп келеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kemenin-janyndagy-qaiyqtai-eldin-qaigysy-seiilip-keledi-11961/#gsc.tab=0);. Десе де Катарға Саудия бастаған, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Мысыр (артынан бұл байкотқа Йемен, Либия, Мальдив, Маврикания, Комор аралдарының одағы қосылды) қостаған елдердің таяуда Саудия билігінің бастамасымен блокаданы алып тастағанын да жазған болатынбыз (Қараңыз: «Араб елдері дипломатиялық блокадада қалған Катармен қатынасты қалпына келтіретін болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/arab-elderi-diplomatiyalyq-blokadada-qalgan-katarmen-qatynasty-qalpyna-keltiretin-boldy-14628/#gsc.tab=0). Блокаданың алынғанын растап, қаңтар айының 11-нен бастап Катар мен Саудия арасындағы әуе қатынасы қайта жолға қойылды. Таяуда Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесінің 41-ші саммиті өтті. Десе де бұл саммитте БАӘ, Мысыр, Бахрейн елдерінің мемлекет басшылары болмады, осыған қарап-ақ Катармен арадағы қатынас толыққанды қалпына келді деуге келмейді. Катардың құрлықта шектескен жалғыз ел – Саудиямен арадағы қатынасты үзу – экономикалық, саяси шектеулерге жол берумен бірдей, әсіресе, Катар, бұл блокададан көп зардап шекті. Бүгінгі күннің геосаяси шындығымен бетпе-бет келіп отырған Саудия билігі экономикалық әрі саяси қатерлердің алдын алу үшін Катармен қатынасты келтіруге мүдделі. Бұл арада Иран факторы турасында сөз болып отыр. Катар Парсы шығанағындағы өзге араб елдері секілді емес, Саудияның қас-қабағына қарай бермейді, өз бетінше дербес саясат жүргізуге талпынады. Бұдан бөлек, Иранмен қатынасын үзбеген Парсы шығанағындағы жалғыз араб елі. Осылардың барлығы араб елдеріне ұнай бермейтінін айта кету керек. Кезінде жазғанымыздай, Катар мен Иранның арасын екі елге ортақ газ кені байланыстыратынын да ұмытпау керек: бұл арады Оңтүстік Парс газ кен орны турасында сөз болып отыр – барланған қоры 215 млрд баррел мұнай мен 14 трлн текше метр газды қамтитын аса ірі кен орны (әлемдік қордың  8%-ы). Иран факторы дегенде соңғы уақытта шиғалар елінің уран байытуды 20 пайызға арттырғаны турасында жазғанбыз (Қараңыз: «Иран уран байытуды арттырып келеді – қару деңгейіндегі санатқа өтеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/iran-uran-baiytudy-arttyryp-keledi-qaru-dengeiindegi-sanatqa-otedi-14629/#gsc.tab=0). Яғни, мұның бәрі Саудия монархтарының түн ұйқысын қашырып отыр. Катар Иран мен Саудия арасында дәнекер рөлін атқаратын ел ретінде алға шығып отыр. 

1 пікір
  • Катарда футболдан әлем чемпионаты өтетіні Катар елі үшін жан жақты пайда әкелген сияқты. Соның бірі осы жаңалық.
    3 жыл бұрын
Мұрағат