Кәмелет жасына толмағандардың интимдік қызметін пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Кәмелет жасына толмағандардың интимдік қызметін пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
3 жыл бұрын 2249 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзиеев кәмелет жасына толмағандардың, яғни, 16-дан 18 жасқа дейінгілердің интимдік қызметін пайдаланғандарды қылмыстық жауапқа тартып, жаза қарастыратын заңға қолын қойды. Бұл жайында islam.kz аталмыш заң мәтіні жарияланған «Халық сөзі» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құжатқа сәйкес Өзбекстанның қылмыстық кодексіне 16-18 жас аралығындағы кәмелет жасына толмағандармен жыныстық қатынасқа түскендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған 128-1 бабы енгізілді. Яғни, «материалдық құндылық немесе мүліктік пайда» көру үшін өз тәнін саудалайтын кәмелет жасына толмағандардың интитмдік қызметіне осылайша тосқауыл қоюды көздеп отыр. Өзбекстан қылмыстық кодексіне енгізілген аталған бап бойынша мұндай қылмысы үшін айыпталушы 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе бас бостандығынан айырылады.

0 пікір
Мұрағат