Кассир мұсылман тұтынушыға қызмет көрсетуден неге бас тартты?
Кассир мұсылман тұтынушыға қызмет көрсетуден неге бас тартты?
10 жыл бұрын 3508 islamnews.ru/

Ұлыбританиядағы Tesco супермаркетінде кассир болып жұмыс істейтін мұсылман ер адам доңыз еті мен шарап сатып алғысы келген 43 жастағы Джули Коттл есімді тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартты. Ол қасиетті Рамазан айында мұндай қадамға бара алмайтынын айтып, түсіндіруге тырысқанымен, тұтынушы мұсылман кассирдің үстінен сауда орнының менеджеріне шағымданған. Аталмыш супермаркет әкімшілігі кассир мұсылман үшін тұтынушыдан кешірім сұрап, өзге кассир арқылы тұтынушыға қызмет көрсетеді. Tesco әкімшілігі мұсылман кассирге түсіністікпен қарап, бұл қадамы үшін сөккен жоқ. Сөз арасында айта кету керек, шариғат бойынша тыйым салынған өнімдер сатылатын сауда орындарында мұсылманның жұмыс істеуіне немесе істемеуіне қатысты ислам ғұламаларының пікірі мен көзқарасы әрқилы. Мәселен, саудиялық дінтанушы Мұхаммед Салих әл-Мүнажидтің айтуынша, мұндай сауда орындарында мұсылман адам жұмыс істемеуі тиіс. Ал әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің профессоры Әбдісаттар Фатхаллаһ ас-Саид тек өзге мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мұндай сауда орындарында мұсылмандардың жұмыс істеуіне болатынын алға тартып отыр.

Джули Коттл, тұтынушы

1 пікір
Мұрағат