Қазақстандық туристер қай елдерге жиі саяхаттайды?
|
Жыл өткен сайын сырт елге саяхаттап баратын қазақстандықтардың саны артып келеді. ҚР сыртқы істер министрлігі отандастарымыз жиі сапарлайтын 9 елдің тізімін ұсынады. Бұл жайында arhar.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бауырлас Түркия мемлекетін қазақстандық туристер ең қолайлы әрі тиімді мемлекет деп санаса керек. Алдыңғы үштікте Түркиядан кейін Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Германия, Таиланд және Мысыр елдері 4,5,6-орындарға жайғасса, тізімнің соңын Ресей, Қырғызстан және Чехия түйіндеген. Бұған дейін ҚР сыртқы істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап жүрген азаматтарға мінез-құлық нормалары мен кедендік бақылаудан өту ережелерін ұсынған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды