Кәрі құрлықтағы құрғақшылық: бір ғасырда алғаш рет өнім алмайды
Кәрі құрлықтағы құрғақшылық: бір ғасырда алғаш рет өнім алмайды
6 жыл бұрын 3605 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл планетамыздағы топырағы ең құнарлы әрі су қоры мол кәрі құрлықта ерекше аптап ыстықтан ауыл шаруашылығы үлкен шығынға ұшырайын деп тұр. Мәселен, Германияда соңғы жүз жылда дәнді-дақылдан жиын-терін алғаш рет ең төменгі деңгейде болмақ. Қазірдің өзінде фермерлер дәнді-дақылдардың, дәлірегі, жүгері мен арпаның үштен бірінен айырылып қалғанын айтып жүр. Неміс фермерлері одағы осыған байланысты ел билігінен төтенше жағдай енгізуді талап етуде. Жергілікті фермерлер мемлекеттен өтемақы алуы үшін. Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық бағдарламасына климаттың және биоэнергияның өзгерісінің тигізер әсерін зерделейтін, қоршаған ортаның мәселелерімен шұғылданатын бөлім жетекшісі Алекс Джонстың DW ақпарат көзіне берген сұхбатында әлемдегі климаттың өзгерісі, салдары, азық-түлік тапшылығы, т.б. талай мәселенің төңірегінде проблеманың негізгі түйткілдерін тарқатып түсіндіріп бергендей болды. Жаһандық жылынуға байланысты шөлге төзімді дәнді-дақылдарды көптеп егудің маңыздылығы туралы ой қозғаған ол әлем бойынша 830 млн адамның азық-түлік тапшылығын тартып, ашқұрсақ жүргенін алға тартты. Десе де әлемде өндірілген азық-түлік бәріне жетеді. Бар гәп - оның теңдей бөлінбеуінде жатыр. Осылай дей келе ол аптап ыстықтың азық-түлік сапасына кері әсер етіп жатқанын, соның ішінде, тағам өнімдеріндегі адам ағзасына пайдалы заттардың азаюына себеп болып отырғанын да жеткізді. Мәселен, дәнді-дақылдардың кей сұрыптарында протейннің, дәрумендердің және минералдардың мөлшері 10 пайызға азайып кеткен. Сол себепті, азық-түлік тапшылығы туралы сөз қозғалғанда оның саын ғана емес, сонымен қатар, сапасына да мән берілуі керектігін көлденең артты. Алекс Джонс ауыл шуарылығы саласының климаттың одан ары өзгерісінің алдын алуға бағытталған Париж келісімен қосылмағанын да еске салып өтті. Өйткені, ауыл шуарышылығының қоршаған ортаға келтірер зияны да шаш-етектен. 

0 пікір
Мұрағат