Израилдің су стратегиясына қатер төнді
Израилдің су стратегиясына қатер төнді
6 жыл бұрын 2778 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдің қоғамдық қызметі ел тұрғындарын суды үнемдеуге үндеп келген еді. Талай жыл. Кейін аталған ел билігі су ресурсы тапшылығын жою үшін суды тұшшыландыру технологиясына қаржыны аямай құйып, Жерорта теңізіндегі мол су қорына иек артып, бұл проблеманың шешімін тапқанын мәлімдеп еді. Алайда, Израилдің бұл суға қатысты стратегиясы да құрдымға кететін түрі бар. Өйткені, елдің негізгі су қоймасы тартылып барады. Бес жылға созылған құрғақшылықтан. Су ресурсы геостратегиялық басты проблемаға айналған аталған аймақта, яғни, Таяу Шығыс бойынша Израил суды тұшшыландыру технологиясы қарыштап дамыған бірден-бір ел болатын. Аталған елдің инфрақұрылым, энергетика және су ресурсы жөніндегі министрлік жетекшісі Иүбал Штайниц (Yuval Steinitz) Израилдің су стратегиясы, дәлірегі, суды тұшшыландырудағы озық технологиясы бұл табиғи апаттың бетін қайтаруға дәрменсіз екенін мойындап, мәлімдеме жасады. Құрғақшылық жайлаған Таяу Шығыстағы суды тұшшыландыру бойынша ең озық технологияға ие Израилдің өзі мұндай қиындыққа тап болып отырғанда аталған аймақтағы өзге елдердің жағдайын елестетудің өзі қиын. 

0 пікір
Мұрағат