Жылына суицидтен өлетіндер саны соғыс пен түрлі аурудан көз жұматындардың санынан асып кеткен
Жылына суицидтен өлетіндер саны соғыс пен түрлі аурудан көз жұматындардың санынан асып кеткен
5 жыл бұрын 2904 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус халықаралық қауымдастық тарапынан қабылданып жатқан түрлі, алдын алу шараларына қарамастан әрбір 40 секунд сайын әлемде 1 адам өз-өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеді.  ДДҰ-ның осы тақырыпта таяду жариялаған баяндамасында айтылғандай, жыл сайын әлем бойынша 800 мыңдай адам суицидтен өледі. Бұл көрсеткіш қарулы қақтығыстар мен әскери жорықтардан немесе қандай да бір аурудан, жұқпалы дерттен бақилық болатындар санынан асып кеткен. ТанзаниялықZanzibarLeo жаңалықтар қызметі таратқан хабарға қарағанда, 15-29 жас аралығындағы жастардың бақилық болуының екінші, негізгі себебіне айналып отыр. Десе де ДДҰ келтірген мәлімет бойынша күллі әлемде суицидтен ажал құшатындар қарасы 2010-2016 жылдар аралығында күрт азайған. Суицидтен өлетіндер саны бойынша әлемде Гайана көш бастап тұр. Одан кейінгі орынға Ресей Федерациясы жайғасқан. Литва үшінші орынға табан тіреген, Лесото төртінші орыннан көрінген, одан кейінгі орындарда Уганда, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Үндістан, Жапония және АҚШ. Суицидтің негізгі себептеріне миграция, климат өзгерісінен орын алған жағымсыз әлеуметтік әрі экономикалық салдар, табиғи апаттардың жиілеуі, есірткі қолдану, қарулы қақтығыстар, жоқшылық, қандай да бір (мәселен, нәсілдік) кемсітушілік, урбанизация, автократиялық қоғам, т.б. жатады.

0 пікір
Мұрағат