Жыл сайын жұмыс орнында шамамен 3 млн адам көз жұмады
Жыл сайын жұмыс орнында шамамен 3 млн адам көз жұмады
6 жыл бұрын 2762

Әлем бойынша жыл сайын 2,8 миллион адам жұмыс орнында көз жұмады, осының әсерінен жыл сайын жаһандық ЖІӨ-нің 4%-нан айырыламыз. Бұл туралы халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

«Жыл сайын 2,8 миллион адам жұмыс орнында көз жұмады», — деді Ханс-Хорст Конколевски.

Сарапшының айтуынша, оның салдарынан жаһандық ЖІӨ-нің 4%-нан айырыламыз.

Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығының мәліметі бойынша, өндірістегі өлім жағдайларының басым бөлігі денсаулықпен байланысты, тек 15% жазатайым оқиғалар.

«Бұл дегеніңіз денсаулық сақтау мәселесіне әдеттегіден көбірек көңіл бөлу керектігін білдіреді», — деді ол.

Сарапшы толықтырып кеткендей, жұмыс орнындағы өлімді алдын алу үш факторға негізделуі тиіс. Олар: қауіпсіздік, жұмысшылардың денсаулығына және әл-аухатына көңіл бөлу. 

0 пікір
Мұрағат