«Жыл адамына» кімдер лайық?
«Жыл адамына» кімдер лайық?
9 жыл бұрын 2700

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне қарағанда, Эбола індетін әлемнің ондаған елінде 622 медицина қызметкері жұқтырған. Олардың 346-сы осы вирустан қаза тапты. Бұл жайында Yahoo News Ақпарат көзі хабар таратты. Әлі күнге дейін Эбола дертіне қарсы ем табылған жоқ. Америкалық Time басылымының дерегі бойынша Эбола безгегімен сырқаттанғандардың өмірін сақтап қалу үшін өз бастарын қатерге тігіп, қаза тапқан дәрігерлер «Жыл адамы» атағына лайық деп танылды. «Қайсарлық пен қайырымдылықтың асқан үлгісін көрсетіп, табандылық танытқан олар әлемді індеттен құтқару үшін өмірлерін қиды»,- деп айтылған аталмыш шараға қатысты өткен баспасөз мәслихатында Time басылымының бас редакторы Нэнси Гиббс.

0 пікір
Мұрағат